Ресей доллары Қазақстан банкіне ауысуы мүмкін


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 22, 2022

Рубльді экспорттаушы компаниялар құтқаруы мүмкін. Ресей үкіметі ірі кәсіпорындарға қордағы долларын сатуды ұсынды. Бұл рубльдің құнсызданып, жалпы ішкі өнімнің төмендеуіне байланысты болып отыр. Ресейлік рубль

Қазір үкіметтің бұл ұсынысана тек "РосНефть" ғана келісім берген.

Ресей үкіметі енді, ірі экспорттаушы компаниялардың қаржысына қол салмақ. 17 желтоқсан күні, көрші елдің премьер-министрі Дмитрий Медведов, кәсіпорын басшыларына қордағы долларын сатуға ұсыныс жасаған еді. Бұл рубльдің құнсызданып, ішкі нарықтағы АҚШ валютасының аздығымен байланысты. Ал жағдайды білу үшін, көрші елдің үкіметіне қоңырау шалғанымызбен жауап ала алмадық.

Тек, Ресейдің Орталық банкі жазбаша түрде жауап берді. "Ресей банкі экпорттаушы компаниялардың таза валюталық активтерін есептеудің әдіснамасын жасап шығарды. Онымен қоса, осы активтердің көлемі жөніндегі ақпаратты ашудың тәртібін бекітті. Осы құжаттарды үкіметте талқылағаннан кейін Ресей банкі үкімет дерективасын координациялауға көшеді", — деді РФ орталық банкі.

Ресей үкіметінің ұсынысына Роснефтьден басқа компаниялар жауап қатпаған. Ал келіспеген жағдайда бар қаражаттарын ТМД елдерінің банкіне ауыстыруы мүмкін. Өйткені, Ресейге салынған санкциялардан кейін Еуропа банктерінің біразына жол жабық.

Экономистердің пікірінше, бұл жағдай Қазақстанға тиімді болуы мүмкін. Демек, инвестиция көлемі артпақ. Бұған қоса, ақша айырбастау операциялары арқылы комиссиядан да пайда түседі. Алайда, аяқ асты келген қаржының аздаған қаупі де бар көрінеді.

"Олар келеді де, үлкен көлемді ақшаны банкке салады ғой. Енді банктер ол ақшаны не істейді, халыққа береді ШОБ-ты қаржыландырады. Ал,ол кезде қайтадан сұрайтын болса банкте ол ақша болмай қалуы мүмкін. Сондықтан, біз Ресей сияқты дағдарысқа еніп кетуіміз мүмкін. Қазіргі таңда Қазақстан банктерінде үлкен қаражат көлемі бар. Доллар болатын болса, еуро болатын болса, өте қатты қауіп жоқ", — деді экономист Мақсат Сералы.

Ал қазіргі таңда отандық өнімдер Ресей тауарымен бәсекелес бола алмай тұр. Себебі, Ресей ақшасының құнсыздануына байланысты өнім бағасы әбден түскен. Бірақ, экспорт және импорттаушы компаниялардың біразы шетелдік болғандықтан, әзірге тек шығындалуда. Өйткені, бар мақсат — нарықты қолдан шығармау.

"Ресей капиталы Қазақстанға келеді деп те, келмейді деп те айта алмаймыз. Дегенмен, Ресей мен Қазақстан тауар серіктесігі ғой. Ол жақта да инвестиция құюға болатын кәсіп көп. Бірақ, бұл барған күннің өзінде Қазақстан экономикасына айтарлықтай өзгеріс әкелмейді. Тағы айта кетерлігі ірі экспорттаушы кәсіпорындар ақшасын Еуропа банктеріне салуға тырысады. Өйткені, негізгі тауар кететін аймақ сол жақта", — деді "FIBO group" сарапшысы Роман Шевченко.

Айта кетейік, осы жылы Ресейдің жалпы ішкі өнімі бар жоғы 0,5 пайызға ғана өскен. Ал, алдағы үш жылдың өзінде аталған көрсеткіштің жоғарлауы екіталай. Бұл, отандық экономистердің пікірі. Сондықтан, ірі кәсіпорындар ақшасын Қазақстан банктеріне ауыстыруы әбден мүмкін. Бірақ, "көрші елдің үкіметі ішкі нарыққа салуға кепілдік берсе ғана кәсіпорын басшыларын иландыра алады", — дейді мамандар.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.