ОҚО-да оқушы 17 сағат бойы ай далада жол таппай сарсаңға түскен


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 31, 2022

Оңтүстік Қазақстан облысында тауға шығамын деп адасып қалған баланы құтқарушылар тауып алды. 12 жасар оқушы 17 сағат бойы ай далада жол таппай сарсаңға түскен.

Оқыс жағдай Түлкібас ауданында болды. Алтыншы сыныптың оқушысы таңғы ондар шамасында сабақтан шығып кетеді. Тау жақты бетке алған баланы мұнан соң ешкім көрмепті. 12 сағат бойы одан еш хабар болмаған.

Әуелі өздері іздеген ата-анасы кешке қарай төтенше жағдай қызметінен көмек сұрайды. Құтқарушылар адасқан баланы бес сағаттан соң тауып алды. Ол дін аман, тек қатты тоңып, қарны ашып қалған.

Оқушыны психологтар да тексерді. Алдын ала болжамдарға сай, сабақта білместік жасаған бала үйге қайтуға жүрексінген. Жоғалып табылған жеткіншекке төтенше жағдай қызметінің өкілдері жаңа жылдық тарту ретінде ұялы телефон сыйлады. Оқушы, мұндай қателікке енді ұрынбаймын, деп уәде берді.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.