Калачиде 10 күнде «ұйқы ауруына» шалдыққандар саны 19 адамға жетті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Авг 14, 2022

Ақмола облысында Калачи селосындағы "ұйқы ауруымен" ауруханаға жатқызылған адамдар саны 20 желтоқсаннан бері 19 адамға жетті.Калачи

"27 желтоқсанда 14.00 сағатта Калачи аулынан "Табиғаты беймәлім энцефалопатия" диагнозымен Есіл ауданының аудандық ауруханасына 2 зейнеткер жеткізілді", — делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметінің дүйсенбі күнгі хабарында.

Одан басқа, сол күні Есіл аудандық ауруханасына тағы 2 зейнеткер жатқызылды. Еске салсақ, 20-25 желтоқсанда Калачи аулында тағы 15 адам "ұйқы ауруымен" ауруханаларға жатқызылған.

Еске сала кетейік, биылдың қыркүйек айында Ақмола облысы Есіл ауданы Калачи ауылында "ұйқы ауруының" көрініс беру оқиғалары қайтадан тіркелді. Алғаш рет ауру ауылда 2013 жылдың көктемінде тіркелген болатын. Пациенттер бас айналуына, ұйқышылдыққа, координацияның бұзылуына шағымданған.

Осы мерзімге дейін барлығы ондаған адам ауруханаға жатқызылды. Жақын жердегі уран кенішінің ауылдан 500 метрде орналасқаны белгілі. Алайда Ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Әлиакпар Мәтішевтің сендіруі бойынша, "ұйқы ауруына" шалдыққан Калачи ауылының тұрғындарының денсаулығына төніп тұрған қауіпті факторлар жоқ.

Мұнымен қатар Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев 2015 жылдың 10 қаңтарына дейін Калачи ауылының тұрғындарын толық профилактикалық тексерісінен өткізіп, жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы қорытынды ақпаратты ұсынуды тапсырды.

Новости Казахстана


Авг
8

Комментарии закрыты.