Қызылордада өңірдің бас шыршасы өртеніп кетті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июн 30, 2023

Қызылорданың орталық алаңындағы жаңажылдық шырша өртенді. Қызыл жалын 05:00 шамасында тұтанған деп хабарлайды 24.kz.

Өрт сөндірушілер өңірдің бас шыршасын жалмаған тілсіз жауды 20 минут ішінде ауыздықтады. Өрттің тұтану себебін мамандар анықтап жатыр.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Орын алған келеңсіз жағдайға қарамастан, қызылордалықтар Жаңа жыл мерекесін жасыл шырша аясында қарсы алатын болады. Бүгінде жергілікті билік орталық алаңға жаңа шырша орнатуда.

Еске сала кетейік, елімізде шыршаның өртенуі бірінші рет емес.  Былтыр Ақтаудың бас шыршасы жаңа жыл қарсаңында өртеніп кеткен еді. Ал жақында Шымкенттегі бас шырша қатты желдің салдарынан құлап қалған болатын.

Новости Казахстана


Июн
6

Комментарии закрыты.