Ұлттық банк доллар бағамын 10 ақпанға дейін ұстап тұратынын айтты


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 29, 2022

Ұлттық банк доллардың қазіргі бағамын 10 ақпанға дейін ғана ұстап тұра алатындықтарын ақыры мәлімдеді. Соңғы уақыттарда күніне мың құбылған доллардың тұрақсыздығы көпті алаңдатқан еді.

Бұл туралы Алаш айнасы хабарлайды.

Ұлттық банк теңгеге шаққандағы АҚШ доллары мен еуро сатылым бағамының бекітілген ауытқу деңгейі қашанға дейін жарамды екенін жария етіп, осы жылдың 11 ақпанында Ұлттық банк бекіткен теңге бағамының +3/-15 ауытқу дәлізі 2015 жылдың 10 ақпанына дейін ғана жарамды болатындығын жеткізді.

Сонымен қатар, Ұлттық банк теңге бағамының ауытқу дәлізінің әрекет ету мерзімін шектейтін Басқарма қаулысын жариялады.

Қаулы бойынша, айырбастау пунктері арқылы жүзеге асатын АҚШ доллары мен еуроны теңгеге сату бағамының ауытқу шегі 2014 жылдың 11 ақпаны мен 2015 жылдың 10 ақпаны аралығына белгіленетіндігі жазылған.

2015 жылы шетелдік валюталардың теңгеге шаққандағы бағамын реттеу үшін алдағы уақытта Ұлттық банк қандайда бір шара қолданбақ.

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.