Мереке қарсаңында әуежайлар мен вокзалдардың күзеті күшейтілді


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Май 18, 2023

Еліміздегі бүкіл әуежайлар мен теміржол бекеттері қатаң бақылауға алына бастады. Көліктегі ішкі істер департаменті жаңа жыл мерекесі қарсаңында күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті.

Демалыс күндері деп жарияланған 31 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында, сондай-ақ 7-8 қаңтар күндері полиция қызметкерлері еліміздегі 127 теміржол бекеті мен 16 әуежайды жіті тексере бастады.

Әсіресе Астанада қалаға келіп кететін барлық жолаушылар пойызы толығымен тексерілуде. Елорда тұрғындары мен қала қонақтарының жаңа жылды алаңсыз қарсы алуы үшін тәртіп сақшылары барынша қырағы қимылдауға көшкен.

Мұнда жәй полиция қызметкерлерінен бөлек, иісшіл иттерге дейін жүктерді тіміскілеп жатыр. Ал мереке күндері Астанада мыңнан астам көліктегі полиция қызметкерлері жолаушылар тасымалының тыныштығын күзетуге шықпақ.

Новости Казахстана


Май
5

Комментарии закрыты.