Астанада жұмысшылар 2 ай бойы жалақы алмаған


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июн 21, 2022

Астанада құрылыста жүріп, 2 айдан бері жалақысын ала алмай жүрген бір топ жұмысшы жаңа жыл алдында жалақыларын талап етіп отыр.

Айтуларынша, ақшаларын бермей қашып жүрген, қосалқы мердігер компания екен. Фирмаға жалданып жұмыс істейтін жігіттер қалтамызда жолға төлейтін де тиынымыз қалмады деп ашынып отыр.

Астанадағы ЭКСПО-2017 құрылысының басында бір топ жұмысшылар қарлы боранға қарамастан наразылық білдірді. Екі айдан бері айлық көрмедік деген құрылысшылар жұмысқа шығудан бас тартты. Ғимараттар бетонын төсеген жігіттер "Транс тур групп" деген компанияға жалданып жұмыс істеген.

Бас мердігер "Базистен" тиісті ақша қосалқы мердігердің есеп-шотына аударылған, бірақ директордың бізге жалақы төлеуге құлқы жоқ дейді жұмысшылар. Ал табан ақы, маңдай терін ала алмай қиналған құрылысшылар тіпті жолға төлейтін ақшамыз қалмады деп ашулы.

Жалақысын сұрап дірдектеген жұмысшылар, ірі құрылыс болғандықтан, жалақы уақтылы беріледі деп сеніп едік дейді. Алайда, қосалқы мердігер түрлі сылтау айтып созып келеді екен.

Ал, жауапты ұйымдардың сөзінше, Транс тур групптың басшысы ауырып қалыпты. Офисі Қарағандыда орналасқан фирманың есепшісі ауа-райының қолайсыздығына байланысты Астанаға жете алмай отыр. Сондықтан, жұмысшылардың жалақы мәселесі жақын мерзімде толық шешілмек.

Новости Казахстана


Июн
6

Комментарии закрыты.