Калачиде тағы бес адам «ұйқы дертіне» шалдықты


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Май 29, 2022

Ақмола облысы Есіл ауданындағы Калачи селосының тағы бес тұрғыны "ұйқы дерті" белгісімен ауруханаға түсті деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ақпраатына қарағанда, желтоқсанның 25-і кешке Калачи ауылынан "ұйқы дерті" белгісімен төрт әйел мен бір қыз ауруханаға түскен.

Калачи ауылында «ұйқы дертінің» алғашқы белгілері 2013 жылдың наурызында байқала бастаған. Тұрғындардың көпшілігі бастары айналып, ұйқы баса беретініне шағымданған.

Бірнеше күннен соң белгісіз ауру белгілері жоғалып, шағымданушылар өздерін қалыпты сезіне бастаған. 2013 жылдың наурызынан бері елуден аса адам өздерінен «ұйқы ауруы» белгілері байқалғанын айтып, шағым жасаған.

Новости Казахстана


Май
5

Комментарии закрыты.