Жапония үкіметі отставкаға кетті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июн 6, 2022

Жапония министрлер кабинетінің мүшелері елдің премьер-министрі Синдзо Абэге отставкаға кету жөнінде өтініштерін ұсынып, ол қабылданды.

Күннің екінші жартысында ел парламентінің сессиясында Жапония премьер-министрі сайланады. Елдің премьер-министрі парламент депутаттарының ішінен сайланып, елу пайыздан астам дауыс жиюы тиіс. Әр партия кандидат ретінде өз лидерін ұсынады.

Жапонияда 14 желтоқсанда өткен парламенттің төменгі палатасы сайлауының қорытындысы бойынша, либералды-демократиялық партия мен Комэйто партиясының басқарушы коалициясы депутаттық орынның үштен екі бөлігінен астамына — 475 орынның 326-сына ие болған.

Осылайша, премьер-министр Синдзо Абэ өз лауазымын сақтап, үкіметті құру құқығына ие болды. Сайлаудағы жеңісінен кейін премьер үкіметтің қазіргі құрамын өзгеріссіз қалдырып, бар күшті экономика мәселелерін шешуге бағыттайтынын айтты.

Сонымен бірге мемлекетте қорғаныс министрі ауысуы мүмкін. Бұл орынға Акинори Этоның орнына Гэн Накатани тағайындалады деп күтілуде.

 

Новости Казахстана


Июн
6

Комментарии закрыты.