Криштиану Роналдудың ескерткіші әжуаға айналды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Сен 18, 2023

Португалиялық футболшы Криштиану Роналдуға өзі туып-өскен Мадейро қаласында мүсін орнатылды. Ескерткіштің суреті әлеуметтік желілерде пайда болғаны сол-ақ екен, интернет пайдаланушылар әйгілі футболшыны әжуаға айналдырды.

Мүсіннің авторы футболшының белден төмен анатомиялық тұстарына қатты көңіл бөлемін деп, жоғарғы бөлігін, әсіресе, келбетін спортшыға мүлде ұқсата алмаған.

Сонымен, ескерткіштің кей бөлігінде кемшіліктер байқалса, енді бір тұстары артықтау етіп жасалыпты.

Интернет пайдаланушылар автордың туындысын «Мүсінші Криштианудың Мессиден тағы бір артық тұсын осылайша бейнелегісі келген шығар» десе, енді бірі «Ол кептерлерге ұшып-қонуға ыңғайлы болуы үшін әдейі осылай жасаған болуы керек» деп әжуаға айналдырған.

Ал мүсіннің салтанатты ашылуына қатысқан футболшының өзі автордың жұмысына риза болып, өзіне арнап қойылған ескерткіш үшін алғысын білдірген. Тіпті, мүсінді қимағаны сонша, жанкүйерлерімен бірге оны айнала суретке түсе беріпті.

Новости Казахстана


Сен
9

Комментарии закрыты.