Қытай тұрғыны 10 жыл бойы көршілерінің іш-киімін ұрлап келген


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Май 21, 2022

Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Юйлинь қаласының тұрғыны он жылдан астам уақыт көрші қыз-келіншектердің іш-киімдерін ұрлап келген.

The Daily Mail басылымы хабарлағандай, күдікті ұрлаған киімдердің барлығын өз үйінің шатырына жасырыпты. Жуырда оның шатыры құлап, қылмысы әшкере болды.

Басылымның хабарлауынша, ұрының есімі Тан. Оның үйінен 2 мыңнан аса іш киім табылып отыр. Осы он жыл уақыт ішінде Тан шамамен 750 пәтерге ұрлыққа түсіпті. Ол үйде ешкімнің болмайтын сәтін алдын ала зерттеп, содан кейін барып жоспарын іске асырып келген.

Тәртіп сақшылары ұрланған іш-киімдерді санап шығу үшін оны жол бойына жайды. Әрі осылайша күдіктіні масқараламақ болды.

Танның өзі болса бұл әрекетін психикалық ауытқумен түсіндіріп отыр.

Новости Казахстана


Май
5

Комментарии закрыты.