АҚШ-та қыз бала фэйсбукта достығын қабылдамаған әжесін ұрып тастады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 10, 2023

АҚШ-тың Флорида штатында Рейчел Энн Хейз есімді қыз фэйсбук әлеуметтік желісіндегі достығын қабылдамағаны үшін өз әжесін ұрып тастады.

Куәгерлердің айтуынша, 27 жастағы бойжеткен 72 жастағы әжесіне қол көтерер сәтте мас күйде болған екен. Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер ашуға булыққан Энн Хейзді дереу қамауға алды.

Өткен аптада оның соты болып, күдікті қыз өз әрекеті үшін қатты өкінетінін айтқан. Сот алдында көз жасына ерік берген Хейз әжесінен емес судьядан ғана кешірім сұрады.

Ал, бойжеткеннің әжесі болса немересінің достығын фэйсбукта әдейі қабылдамағанын айтып отыр. Өйткені, Хейз әлеуметтік желіге өз атымен тіркелмеген екен.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.