Винокуров: Допингке қатысты шу қайталанбайды деп уәде бермеймін


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 2, 2023

Astana Pro Team велокомандасы "Таза велоспорт үшін" (МРСС) қозғалысының барлық шарттарын ұстанатын болады. Алайда Александр Винокуров допингке қатысты шудың қайталанбайтынына сөз бере алмайтынын жасырмады.

"Әзірге менде МРСС-ге қатысты ешқандай ақпарат жоқ. Бірақ егер біз қауымдастық құрамында қалатын болсақ, біз оның барлық шарттарын ұстануға міндетті боламыз", — деп нақтылады ол.

Өткен бейсенбіде Қазақстан құрамына 2013 жылы қосылған МРСС (Таза велоспорт үшін) қатаң бақылауда болатын командалардың тізімін жария етті. Оның қатарында қазақстандық Astana Pro Team мен Astana Continental Team қос командасы бар.

МРСС жария еткен жаңа мәліметтер бойынша, 2016 жылға дейін командада допинге қатысты тағы бір шу шығатын болса, команданы аластату мерзімі қандайда бір халықаралық жарыстар басталған уақыттан бастап төрт аптаға дейін ұзартылатын болады.

"Мен ертеңгі күні допинге қатысты шу қайталанбайды деп сөз бере алмаймын. Қазір докторлармен және басқа да мамандармен жұмыс жасап жатырмыз. Команданың саясаты айқын, барлық шарттар қатаң. Оны одан да қатаңдата түсетін боламыз, дегенмен жігіттердің әр басқан қадамын бақылай алмаймын ғой", — деп әңгімеледі Александр Винокуров.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.