Қазақстанның басым бөлігінде жаяу борасын көтеріледі


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Авг 2, 2022

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, кей жерлерде жауын-шашын болып, тұман түседі, көктайғақ болады. 

Солтүстікте, солтүстік-батыста жаяу борасын көтеріледі, республиканың шығысында, орталығында және оңтүстік-шығысында ғана ауа райы ашық болады, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетіп, бұрқасындатады, тұман түседі, көктайғақ болады. Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с, күндіз бұрқасын көтеріледі. Ақмола, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Атырау, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Алматы облысындағы Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 20-25 м/с-қа дейін жетеді, түнде кей жерлерде тұман түседі.

Таяудағы тәуліктерде оңтүстіктегі, оңтүстік-шығыстағы кей өзендерде күннің жылынуымен байланысты мұз қатуының әлсіреуі байқалады; қар астында мұз қатуының әсерінен су деңгейі көтерілуі мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының кейбір өзендерінде мұз қатуының салдарынан су деңгейі құбылуы мүмкін. Қазақстанның батыс, солтүстік және орталық облыстарындағы су нысандарында қысқы режим сақталады.

Новости Казахстана


Авг
8

Комментарии закрыты.