Үкімет коммуналдық тарифтерді қатты қымбаттатпауға уәде берді


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 8, 2023

Коммуналдық қызметтер айтарлықтай қымбаттамайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Марат Құсайынов мәлім етті.

"Бағдарлама 2020 жылға дейінгі мерзімге есептелген. Онда 1,2-ден 1,4 пайыздық шекке дейінгі аралықта инфляция үлесі аясында халық үшін тарифтердің ақылға сыйымды, біртіндеп өсуі қарастырылған", — деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның айтуынша, жоғарыда аталған инфляция дәлізі қолданыста әрі соңғы 2 жыл ішінде еш өзгеріске ұшырамаған.

"Яғни, біз осы дәліз аясында жұмыс істейтін боламыз. Осыған байланысты халық үшін коммуналдық қызметтерге арналған түбіртектерге төлем жасауда айтарлықтай өсім болайды", — деді бірінші вице-министр.

Айта кетейік, бұған дейін үкімет 2020 жылға дейінгі табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясат жөніндегі бағдарламаны қабылдаған болатын.

Оған сәйкес, 2015 жылдың 1 сәуірінен Қазақстанда тариф қалыптастырудың жаңа әдісі енгізіледі.

"Табиғи монополиялар субъектілері инвестициялық бағдарламаларының дайындығын ескере отырып, тариф қалыптастырудың жаңа әдісіне көшу 2015 жылдың 1 сәуірінде басталады", — деді Құсайынов.

Оның айтуынша, 2020 жылға дейінгі табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясат жөніндегі бағдарламаны іске асыру тарифтердің тұрақтылығы мен болжамдылығын қамтамасыз етуге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қосымша жеке инвесторларды тартуға, субъектіге және реттеуші мемлекеттік органға мемлекеттік реттеудің әкімшілік жүктемесін азайтуға, тұтынушыға жүктемені біркелкі беруге, табиғи монополиялар салаларында тозу мен ысыраптар деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.