Австралияда сегіз баланы өлтірген күдікті тұтқындалды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Дек 8, 2022

Австралиялық полиция Кэрнс қаласына (Квинсленд штаты) жақын елді мекендегі үйде өлтірілген балалардың анасын тұтқындады.

Бұл туралы АР хабарлады. Оған әзірге айып тағылған жоқ. Күдікті жарақаттарына ем алып, ауруханада жатыр. Әйел айғақты дәлел бере бастады.

Кеше Австралияның солтүстігіндегі бір үйден сегіз баланың мүрдесі табылған болатын. Үйге кірген полицейлер пышақталған 18 айлық сәбиден бастап 15 жасқа дейінгі балалардың мүрдесінің үстінен шықты.

Сондай-ақ, үйде 34 жастағы әйел болған, жетеуі оның өз баласы, ал бір қыз оның немере сіңлісі деп болжануда.

Новости Казахстана


Дек
12

Комментарии закрыты.