Камерон Диас 2015 жылы тұрмысқа шығады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Май 27, 2022

Голливуд жұлдызы Камерон Диас пен оның сүйіктісі, рок-музыкант Бенджи Мэдден 2015 жылдың басында үйленеді.

Lenta.ru сайтының хабарлауынша, бұл жұп той күнін әлі нақты белгілемеген.

Жұлдыздардың ортақ достарының айтуынша, 35 жастағы Мэдден 42 жастағы Диасқа неке жүзігін ұсынған, ал актриса бас тартпапты.

Аталған жұптың көңіл қосқаны туралы ақпарат 2014 жылдың мамырында жарыққа шығып еді. Айта кетерлігі, Камерон үшін де, оның сүйіктісі үшін де бұл – алғашқы неке.

Новости Казахстана


Май
5

Комментарии закрыты.