Сабина Алтынбекова «Халықтың сүйіктісі» атанды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июн 16, 2023

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова «Халықтың сүйіктісі» сыйлығының «Жыл жаңалығы» аталымында лауреат атанды.

Сонымен қатар, жақында түсірілімі басталатын қазақстандық фильмнің басты ролін сомдайтыны белгілі болды деп жазады Massaget.kz.

Сабина Алтынбековаға «Like» пішінінде жасалған ескерткіш сыйлықты актер Фархат Әбдірайымов табыстады. Ал жоба ұйымдастырушысы — қазақстандық белгілі қоғам қайраткері, «Республика-Өңір-Даму» қорының президенті Ғалым Байтоқ спортшының алдағы уақытта отандық фильмнің басты ролін сомдайтынын айта кетті.

"Кішкентай құпиямды ашайын. Біз Фархат Әбдрайымовпен бірге жаңа көркем фильмнің продюсерлік жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Фильм атауы — "Путь домой". Басты ролінде Сабина Алтынбекова ойнайды. Фархат Әбдрайымов та басты рольдердің бірін сомдайды. Фильм 90-жылдары асыранып алынған баланың өз Отанына оралуы жайында. Мұңды оқиға соңы қуанышты аяқталады, — деді марапаттау кезінде Ғалым Байтоқ.

Романтикалық оқиға 2015 жылы түсіріледі. Фархат Әбдірайымов Сабинаның әкесі болып ойнайды.

Сұлулығымен әлемді мойындатқан қазақстандық волейболшы жаңа жетістігін «instagram» әлеуметтік желісінде жанкүйерлерімен бөлісті.

24.kz хабарлауынша, «Халықтың сүйіктісі» аталатын ұлттық сыйлық осымен төртінші рет тапсырылып отыр. Биыл көптің көңілінен шыққан азаматтар 21 аталым бойынша марапатталды.

Олардың барлығына бағалы тастармен безендірілген мүсіндер табысталып, ерекше қошемет көрсетілді.

Байқауда ұлттық сыйлық номинациялары жылдан-жылға көбейіп келеді. Олардың қатарында «Жалынды интернет-басылым», «Батыл публицист», «Тапқыр тележурналист», «Көріпкел саясаттанушы» деген аталымдар бар.

Новости Казахстана


Июн
6

Комментарии закрыты.