Қостанайда сырғанақ теуіп жүрген 9 жасар қыз суға батып кетті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 28, 2024

Қостанайда мұздың астына түсіп кеткен 9 жасар қыз суға батып кетті. Бұл туралы Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

18 желтоқсан күні кешкісін   Жедел басқару орталығының «102» нөміріне қоңырау келіп түскен. Телефон соққан адам өзен жақтан баланың дауысы естіліп жатқанын хабарлады.

Ер адам Тобыл өзенінің жағалауы маңындағы Гашек және Ворошилов көшелерінің қиылысында салынып жатқан коттедж аумағында болған.

Жағалауға келген ол ұл баланың кішкентай қызды өзеннен алып шығуға әрекеттеніп жатқанын көрген.

Ер адам судан қызды алып шығып, оған алғашқы медициналық көмек көрсете бастаған. Алайда қызды құтқара алмады, бүлдіршін суға тұншығып кеткен екен. Балалардың туыс екені анықталды.

Олар осы маңдағы төбешікте сырғанап ойнап, кейін бұлаққа баруға бел буған. Қайнар жақын жерде орналасқан және ол ешқашан қатқан емес. Қыста оның маңында жылымдар пайда болады. Балалар бұлаққа мұз арқылы келе жатқанда, мұз жарылған.

Бала қарындасын құтқармақ болған, алайда бұл оның қолынан келмеді. Бала дереу ауруханаға жеткізілді, оның денсаулық жағдайы туралы хабарланбады.

Полицияда тергеуалды тексеріс жүргізіліп, болған оқиғаның себептері анықталып жатқанын хабарлады.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.