Ақтөбе облысының әкімі интернет жұлдызына айналды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июл 6, 2023

Ақтөбелік футбол жанкүйерлері облыс әкімін билетіп қойды. Олар аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовты компьютерлік бағдарламаның көмегімен ергежейлінің кейіпіне енгізіп, жаңа жылдық мультфильмді ғаламторға жариялаған.

Жанкүйерлер дайындаған бейнероликте облыс әкімінің қасына жергілікті футбол клубының жетекшілерін қосақтапты.

Былтыр Ресейден алдырған бапкер Владимир Газзаев пен клуб президенті Сағат Еңсегенов те эльфтердің кейпінде. Фанаттар осылайша өкпелерін жеткізбекші болған.

Себебі жаңа бапкер келгелі "Ақтөбе" командасының жолы болмай-ақ қойды.

Тіпті осыдан бір апта бұрын орталық стадион маңындағы қабырғаларға белгісіз біреулер Газзаевтың кетуін талап етіп, қара бояумен жазып кеткен болатын.

Ол жазуларды да бір тәулікке жеткізбей өшіртіп тастады.

Новости Казахстана


Июл
7

Комментарии закрыты.