Екібастұз тұрғыны қалалық мәйітхананы тонады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Дек 16, 2023

Екібастұзда түннің бір уағында қалалық мәйітханаға кіріп, қызметкерлердің бірінің заттарын ұрлап әкеткен 25 жастағы жігіт ұсталды.

"Қолға түскен ер адам ғимаратқа пластикалық терезеден кірген. Жас жігіт мәйітхананың ішінен қызметкерлердің біріне тиесілі 16 мың теңгенің заттарын жымқырып кетті", — деп мәлім етті Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Баян Мағзұмова.

Бұдан бұрын күдікті үш жолдасымен бірге төрт тонау қылмысын жасаған екен. Соның ішінде ұрлықшылар Екібастұз қаласының төтенше жағдай басқармасынан компьютерді қолды еткен.

"Ұсталғандардың келтірген шығын көлемі 1 млн теңгеден асты. Ұрлық фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Құрықталған төрт азаматқа да айып тағылып отыр", — дейді Мағзұмова.

Новости Казахстана


Дек
12

Комментарии закрыты.