Ақтөбе облысында 8-айлық сәби көрпеге тұншығып шетінеп кетті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 28, 2023

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Сағашилі ауылында сегіз айлық бөбек көрпеге тұншығып қалған.

Немересінің шетінеп кеткені туралы тәртіп сақшыларына ауыл тұрғыны хабарлаған.

Оның айтуынша, кешкі сағат бестердің шамасында үйіне келеді. Ал сегіз айлық бөбек болса 21 жастағы әкесінің қасында ұйықтап жатыпты.

Әжесі немересін алмақ болғанда оның денесі әлдеқашан суып кеткенін аңғарады. Туыстары сәбидің көрпеге тұншығып қалғанына сенімді.

Ал шетінеген сәбидің анасы ажырасып, төркінен кетіп қалған екен.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.