АҚШ президенті Ресейге қатысты санкция жариялады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июн 2, 2023

АҚШ президенті Барак Обама Ресейге қарсы санкция қабылдауға мүмкіндік беретін заңға қол қойды. Алайда Ақ үй басшысы әзірге бұл мүмкіндіктерді қолданбайтынын мәлімдеді.

Обаманың сөзінше, "АҚШ әкімшілігі және оның еуропалық әріптестері мен одақтастары Украинадағы жағдайды бақылап, Ресейдің іс-қимылына қарап шешім қабылдайды".

Өз кезегінде Вашингтон Мәскеу ақ үйдің айтқанына құлақ асып, қажетті қадамдарға барған күнде санкцияларды жоятынын айтуда. АҚШ қабылдаған "Украина еркіндігін қолдау 2014 актісі" Ресей ұлттық компанияларына қатысты шектеулер еңгізіп, Украинаға әскери көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Аталмыш заңға сәйкес 2015 жылы Украинаға тағы 350 миллион доллар әскери көмек жөнелтілуі мүмкін.

Новости Казахстана


Июн
6

Комментарии закрыты.