Шенділер Ресейдегі жағдайдың салқыны Қазақстанға тимейді деп сендіріп әлек


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Сен 4, 2023

Күн санап құлдыраған Ресей рублі бүгін мүлдем құнсызданды. Көрші елдің валютасы Қазақстанда да арзандап кетті. Қазір біздегі айырбастау бөлімшелерінде бір рубль 2-3 теңгеге бағаланып отыр. Алайда, Ұлттық экономика министрі мен депутаттар Қазақстанға оның ешқандай салқыны тимейді деп сендіріп әлек.

Ал сарапшылар керісінше, Еуразиялық экономикалық одақ келісімі күшіне енгеннен кейін Ресейдің дағдарысы да ортақ болуы мүмкін дейді.

Жарты әлемнің санкциясы Ресей рублін тұралатып, соңғы жылдары болмаған шарасыз күйге жеткізді. Бағамы 4-5 теңгеден түспеген көршіміздің валютасы бүгінде 2 есеге құнын жоғалтты. Ал долларға қатысты көрсеткіші тіптен көзге ұрып тұр. Бір ай бұрын ғана 1 долларды 36 рубльге сатып алу мүмкін болса, қазір 61-ге бір-ақ шарықтаған. Алайда, Қазақстан депутаттары дабыралатуға негіз жоқ дейді.

"Біздің теңге рубльмен тікелей байланысты емес. Өйткені, алтын-валюталық қорда рубль мүлдем жоқ. Әрине, қосалқы әсері болуы мүмкін. Оның өзінде азаматтар валютаны жаппай ауыстырған жағдайда ғана", — деген пікірде Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарақұсова.

Ал елдің экономикасына жауапты министр Ерболат Досаев рубль құнсызданғанымен тағы да бюджетті қайта қарамаймыз деп қалды. Бірақ, жаңа жылдан.

Еуразиялық экономикалық одақта бір кеңістікте боламыз ғой.

Новости Казахстана


Сен
9

Комментарии закрыты.