Алматыдағы қоғамдық көліктерде Wi-Fi жүйесі іске қосылды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 27, 2023

Алматыдағы №63 автобус жолаушылары тегін Wi-Fi жүйесін пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Ол үшін әлеуметтік желілерде аккаунтыңыз болуы керек.

Қазірдің өзінде, қаламыздағы жаңашыл идеяны бастаған автобусқа, сұраныс көбейген. Тіпті қоғамдық көлікке жолаушылар сыймай қалатын көрінеді. Әзірге бұл жүйе 3-ақ автобусқа орнатылған.

Алайда, №2 автопарк иелерінің айтуынша, болашақта тегін Wi-Fi-мен 63-ші автобустың барлығы қамтылмақ.

"Біз интернетті қойып қоймай, алыстан бақылайтын боламыз. Халықтың, жолаушылардың пікірін тыңдаудамыз. Олар автобустарында интернеттің орнатылғанына өте қуанышты. Көптеген адамдар әлеуметтік желілерге кіріп, өздерінің достарымен араласуда", — дейді "Bus Free Wi-Fi" жобасының жетекшісі Нұрдәулет Байларбеков.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.