БҚО-да жол апатынан тағы төрт адам ажал құшты


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 13, 2022

17 желтоқсанда Чапаев-Жалпақтал-Қазталов күре жолының 119-шақырымында Лада-21144 автокөлігі жолдың тайғақтығынан қарсы бетке шығып кетіп, "Урал" жүк көлігімен түйіскен. Салдарынан 4 адам марқұм болды. 

Қазталов аудандық ішкі істер бөлімі Жалпақтал полиция бөлімінің аға мемлекеттік автоинспекторы Азамат Есениязовтың айтуынша, соның салдарынан 1992 жылғы жүргізуші Армат Жасқайратов пен үш жолаушы қаза тапқан.

Үш жолаушы бір отбасыдан, күйеуі мен әйелі және баласы көрінеді. Жалпақталда тұрған олар тойдан келе жатса керек.

Еске сала кетейік, осыдан бір күн бұрын Зеленов ауданы Махамбет пен Горбунов ауылдарының арасында Орал-Самара күрежолының бойында "Тойота Прадо" мен "ВАЗ-2114" автокөліктері соқтығысып, төрт адам көз жұмған болатын.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.