Ресей шетелдік көліктердің импортына тыйым салмайды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Май 10, 2022

Жылсайынғы үлкен баспасөз мәслихаты барысында журналистердің сұрағына жауап берген Ресей президенті Владимир Путин қазіргі жағдайда жаңа және пайдаланылған шетелдік көліктерді енгізуге тыйым салудың экономикалық тұрғыдан еш қисыны жоқ екенін мәлім етті. Владимир Путин. Фото: РИА Новости

"Шынымен де, біз заңсыз санкциялық "былықшылыққа" тап болғанымызда, үкіметтегілермен бірге "қалай жауап берсек екен?" деп ойластыра бастадық. Сонда бірнеше нұсқаның ішінде жаңа және пайдаланылған автокөліктерді ресейлік нарыққа енгізуге тыйым салу – тиісті жауаптардың бірі ретінде қарастырылды. Себебі әлемдік брендтердің бәрі Ресейде жұмыс істеп жатыр және дайын техниканың импортына тыйым салу, әлбетте, олардың өндірісіне қолдау болар еді", — деп келтіреді ресейлік лидердің сөзін BNews.kz.

"Екіншіден, санкциялық әрекеттерге барып жатқан елдердің экономикасы үшін үлкен соққы болары анық. Дегенмен, қазіргі жағдайда экономикалық тұрғыда оның еш қисыны жоқ, себебі қалыптасқан ахуал бәрін өз орнына келтіріп отыр. Соған қарамастан, Ресейге келіп, 50 және одан да жоғары пайыздық терең локализация шарттарымен келіскен өндірушілерді қолдап, олармен жұмыс істеуге әзірміз", — деп мәлім етті Владимир Путин.

Новости Казахстана


Май
5

Комментарии закрыты.