Лукашенко Ресеймен арадағы сауданы доллар немесе еуромен жүргізуді талап етті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Окт 26, 2023

Беларусь президенті Александр Лукашенко ел үкіметіне Ресеймен сауданы тек доллар немесе еуромен жасауды тапсырды.

"Ресеймен сауданы рубльмен емес, доллармен жасасуды тапсырдым. Біз онсыз да олармен энергия тасымалдаушылары үшін доллармен есеп айырысамыз. Екі ел арасындағы сауданы тұрақты валютамен жасасуды бұрыннан қолға алу керек еді, олардан талап етуіміз керек",- деді Лукашенко үкімет отырысында.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Беларусь ЕАЭО аясында Ресеймен арадағы төлемдердің тең жартысын рубльмен орындайды екен. Қалған 40 пайызы АҚШ долларымен орындалады.

Новости Казахстана


Окт
10

Комментарии закрыты.