Өскеменде нашақор бір дүкенді бес рет тонаған


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Май 21, 2022

Өскеменде 25 жастағы нашақор екі апта ішінде бір дүкенді бес мәрте тонады.

Бұл оқиға оның жаңбыр астында қалып қойғанынан басталған. Ол ең жақын тұрған азық-түлік дүкеннің шатырын паналай тұруға жақындайды. Осы уақытта есіне дүкен маңынан көп мәрте өткенін және үй-жайдың әрқашан жабық болатынын түсіреді. Терезеден дүкен ішіне қарап, тауардың көп екенін байқаған ер адам дүкеннің артқы есігін бұзып кіріп, 60 литрге жуық арақ, 9 литр мартини және 40 қап шоколад ұрлайды.

Келесі күні нашақор тонап кеткен заттарын базарға апарып, арзан бағаға сатып жібереді. Сауда орнының егесі дүкеннен заттардың жоғалып кеткенін келесі күні таңда бірақ біледі.

Полиция шақырып, тексеріс жасалған соң дүкен егесі есікке жаңа құлып салып қояды. Нашақор бұл дүкенге келесі күні кешке тағы да келеді. Жаңа құлыпты оңай бұзып, 14 литр шарап, 25 литр коньяк, 10 литр мартини және 17 литр арақ тонайды.

Тоналған затты ол әдеттегідей базарға апарып сатады. Нашақор бір апта өткен соң дүкенге үшінші рет оралады. Бірақ ол есікті бірден аша алмайды, себебі дүкен егесі есікті күрделі құлыппен жауып тастаған екен.

Қылмыскер таяу маңнан темір тауып, дүкен терезесін сындырады да, ішке енеді. Бұл кезде ол шамамен 100 шоколад, 5 шөлмек коньяк, 40 литр арақ, 23 қап төсеме, сабын мен сусабындарды тонайды. Үшінші рет тоналған соң дүкен егесі есікті тақтаймен жауып тастайды. Бірақ бұл амал да қылмыскерді тоқтата алмайды.

Ол дүкеннің алдыңғы есігіне келіп, есік терезесін бұрауышпен алып тастайды. Бұдан кейін қолын ішке салып, есікті ашады. Бұл жолы ол 60 литр арақ пен бірнеше шөлмек коньякты қолды қылады. Мұнымен қатар, ол дүкен есігінің қосалқы кілттерін де алып кетеді.

Бесінші рет келген кезде нашақор есікті ұрлаған кілтімен ашып алған. Бірақ осы жолы оның жолы кесіледі. Полицейлер ер адамның қаптарды дүкеннен алып шығып жатқанын көріп қалады.

Тәртіп сақшыларынан қорқып қалған нашақор дүкен ішінен есікті кілттеп алады. Полицейлер дүкен иесін шақырып, ол дүкенді өз кілтімен ашады. Бұдан кейін полицейлер ер адамды ұстайды.

Айта кетейік, көп мәрте тоналған дүкен әрқашан жабық тұрған. Оның иесі таяу арада ашқысы келгенін айтты. Сотта ол жарты миллион теңгеден астам шығынданғанын құжатпен дәлелдеді.

Ал нашақордың ұрланған заттарды 30 мың теңгеге сатып жібергені белгілі болды. Өскемен қаласының №2 соты ұрыны қатаң режимдегі колонияға төрт жылға бас бостандығынан айырды.

Новости Казахстана


Май
5

Комментарии закрыты.