Өскеменде өз қаржысына олимпиадаға барған мүгедек қыз олжалы оралды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Сен 30, 2023

Ресейде өткен паралимпиадалық ат спорты бойынша жарыста Өскемендік мүгедек қыз күміс медальді жеңіп алды. Оған қатысу үшін жарымжан спортшы өзі өтініш білдіріп, ұшаққа билетті де өз қаржысына алған.

Жарыста ол тек паралимпиада қожайыны – ресейлік қатысушыдан ұтылып қалған.

21 жастағы Айғаным тумысынан церебральді параличпен ауырады. Бірақ бойжеткен 12 мүшесі сау адамдай ат құлағында ойнайды. Моисей атты сәйгүлгі бар.

Өкінішке қарай, ол өз жылқысын Мәскеуде өткен жарысқа апара алмаған. Қазір ол Бразилияда өтетін біріншілікке дайындалуда.

Айғаным ең болмаса, осы жолы сайысқа қатысуға қажет шығынның жартысын шенеуніктер өз мойнына алатын шығар деп үміттенеді.

"Қатты қобалжыдым. Атым тұрмай қойды. Кейін тұрып шауып кеттім. Бәрі жақсы болды", — дейді спортшы Айғаным Ермекова.

Новости Казахстана


Сен
9

Комментарии закрыты.