Кристина Агилера мен Джениифер Лопес «Астана Аренада» ән салады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Окт 31, 2022

«Муз-ТВ» арнасының жыл сайынғы сыйлығын ұсыну рәсімі 2015 жылы 5 маусымда «Астана-Арена» стадионында өтеді.

Бұл туралы Инстаграмдағы парақшасында арнаның бас директоры Арман Давлетьяров жазды.

Марапаттау рәсімі «Муз-ТВ» және «Ю» арналарында тікелей эфирде көрсетіледі. Арна сайтында Арман Давлетьяров «МУЗ-ТВ» сыйлығын марапаттау рәсімі жоғары деңгейге көтерілгенін және оны Ресейде ғана емес, өзге елдерде де көруі тиіс екенін атап өтті.

«Қазақстанда телекөрермендер «МУЗ-ТВ» арнасын көп жылдан бері тамашалап келеді. Сондықтан бұл шараның Астанада өтуі екі елдің халқы арасындағы мәдени-іскерлік байланысты одан әрі нығайта түседі», — деді ол.

«МУЗ-ТВ сыйлығы» — шоу-бизнестегі маңызды, ауқымды және беделді оқиғалардың бірі. Оны 2003 жылдан «МУЗ-ТВ» арнасы ұйымдастырып келеді. Жеңімпаздар көрермендердің және академиктердің дауыс беруі арқылы анықталады.

«МУЗ-ТВ» сыйлығын марапаттау шарасына әлемдік деңгейдегі жұлдыздар шақыртылады. Марапаттау рәсімдерінде өнер көрсеткендердің қатарында Сhristina Aguilera, Katy Perry, Jennifer Lopez, Sharon Stone, 50 Cent, 30 Seconds to Mars, Tokio Hotel, Sum 41, Anastacia, Craig David, Pussycat Dolls, PSY, OLA және т. б. болды.

Новости Казахстана


Окт
10

Комментарии закрыты.