Қытайда салмағы 140 кг-дан асқан ер адамдар мейрамханада тегін тамақтанады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 3, 2024

Қытайлық Чунцин қаласында орналасқан мейрамхана өз клиенттеріне салмақтарының көлеміне байланысты есептелетін жеңілдіктерді ұсынды.

Мекемеде ер адамдар үшін жеңілдіктер олардың салмағының көбеюіне пропорционалды өседі. Үлкен жеңілдік алғысы келген әйелдерге керісінше, аз салмақта болу керек.

Салмағы 140 келіден асқан ер адамдарды мейрамхана тегін тамақтандыруға сөз берді. Бұл салмағы 34,5 келіден аспайтын әйелдерге де тиесілі.

Бұған дейін Шанхай қаласында орналасқан басқа қытайлық мейрамхана клиенттерге осындай акцияға қатысу ұсынысын жасаған. Келушілерге жасалатын жеңілдік олардың бойымен есептелген.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.