Назарбаевтың жолдауынан ерекше шабыт алған күйші «Нұрлы жол» толғауын шығарды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 21, 2023

Белгілі күйші Шәміл Әбілтай бүгінгі мерекеге ерекше сый жасап отыр. Өнер иесі ел егемендігінің 23 жылдығына "Нұрлы жол" күй толғауын шығарып, оны алғаш рет Тараздың студент жастарына орындап берді.

Шәміл Әбілтай патриоттық сарындағы ондаған күйдің авторы. Ал, соңғы "Нұрлы жол" туындысы рухани серпілістен туған дейді.

Тың шығарма бүгінде жиі орындалып жүрген "Қазақстан-Нұрсұлтан"күйінің жалғасы іспеттес екен. Композитор осы кеште күй-толғауларын түгел орындап, әр-қайсысына талдау жасады. Жастарға шеберлік сағатында өткізді.

Ал күйшінің толағай табысы мен толайым еңбеген ескерген оқу орны ұжымы, оған қазақы салтпен шапан жауып сый-құрмет көрсетті.

"Мені "Нұрлы жол" толғауына бастаған сол елбасының "Нұрлы жол" жолдауы берілді ғой, бітісімен "Қазақстан-Нұрсұлтан" күйінің бейнебаяны көрсетілді. Енді құдайға шүкір музыка бар ғой, бұл бір үлкен қуаныш екен деп, ұшарға қанат болмай, сабырға ерік беріп, өз-өзіме келіп қуаныштан толғауды шығардым "Нұрлы жол" деген. Міне осылай осылай, сабақтасып кете береді", — деп бөлісті атақты күйші Шәміл Әбілтай.

Айта кетсек, бұл отандық композитордың мемлекет басшысына арнап отырған тұңғыш шығармасы емес.

Шәміл Әбілтай бұған дейін де елбасына туындысын арнап, "Қазақстан — Нұрсұлтан" күй-портретін президенттің өзіне орындап берген еді.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.