Алматылықтар Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 29, 2024

Бүгін Алматыда Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай Тәуелсіздік монументі алдында салтанатты жиын болып өтті. Жыл сайынғы дәстүр бойынша алдымен монумент жанына салтанатты қарауыл қойылды.

Содан кейін Алматы қаласының әкімдігі, Ұлы Отан соғысы мен Қазақстан Қарулы күштерінің ардагерлері, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар және Алматы қаласы жастарының ұйымдары кезекпен Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Күннің суықтығына қарамастан бүгінгі салтанатты жиынға келген алматылықтар да монументке гүл шоқтарын қоюға асықты.

Жиын соңында, Қазақстан Құрлық әскерлерінің әскери институты мен радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары бүгінгі рәсімге жиналғандар алдынан салтанатты түрде сап түзеп өтті.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.