Атақты боксшы-рэпер Қазақстан туралы ән шығаруға бел буды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Сен 21, 2023

Атақты боксшы, рэппер Рой Джонс Қазақстан туралы ән жазуға уәде етті. Бұл туралы ол Астанада Сарыарқа велотрегінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

"Мен қазір сіздерге ән салып бере алмаймын. Бірақ АҚШ-қа келген соң міндетті түрде студияда Қазақстан туралы ән жазамын. Қонақжайлықтарыңыз жөнінде жазамын", — деді ол.

Әлем чемпионы қолы қалт еткенде ән жазып, клиптер шығарумен айналысады.

Ол сондай-ақ өз сөзінде Головкиннің арқасында Қазақстанды әлем танығанын жеткізді.

"Мен ешқашан жекпе-жекке қазақ боксшыларымен шыққан емеспін. Бірақ мен қазақ бокс мектебінен шыққан Олег Маскаев, Бейбіт Шүменов, әрине, Геннадий Головкинді жақсы білемін. Шынтуайтына келгенде АҚШ халқы, соның ішінде мен де Головкиннің жетістіктері арқылы Қазақстанды таныдық. Бұл Америкада өте танымал бренд", — деді ол.

Новости Казахстана


Сен
9

Комментарии закрыты.