Ақмоланың Қазақстанның ресми астанасы атанғанына ресми 17 жыл толды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Сен 4, 2023

Осыдан 17 жыл бұрын 1997 жылы 10 желтоқсанда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстанның бас қаласы болып жарияланды.

Бүгін ел астанасының Алматыдан Ақмолаға, бүгінгі Астанаға ресми көшірілген күн деп хабарлайды Астана арнасы.

Еске салайық, астананы көшіру туралы Жоғарғы кеңес шешімі одан ертерек — 1994 жылы, алтыншы шілдеде қабылданған. Бас қалаға алғаш болып мемлекеттік органдар қоныс аударды. Қала қысқа мерзімде әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени тұрғыдан жедел дами бастады.

Статистика департаментінің мәліметінше, 1998 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 140 мың шаршы метр болса, бүгінде ол 900 мың шаршы метрге жеткен.

Өнеркәсіп өнімі 20 млрд теңгеден 276 млрд теңгеге өсті. Сол жылдардан бері білім беру нысандары 3 есеге артқан.

Ал 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша, Астана қаласына "Бейбітшілік қаласы" атағы берілді. Ал 2000 жылдан Қазақстанның бас қаласы Астаналар және ірі қалалар халықаралық ассамблеясының мүшесі.

Новости Казахстана


Сен
9

Комментарии закрыты.