Қытай қызы «Kesh You» тобының әнін орындап бас жүлдеге ие болды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Дек 15, 2023

Қытай қызы Уаң Нан Фей «Kesh You» тобының орындауындағы «Ризамын» атты әнін шырқап, бас жүлдеге ие болды.

Бұл туралы baistars.kz хабарлайды.

Уаң Нан Фей Қытайдың Іле қазақ автономиялы облысында дүниеге келген. Пекиндегі Ұлттар университетінің студенті. Ол бала кезінен қазақша əн айтып, билегенді жақсы көреді екен.

Әсіресе, өзіміздің жарық жұлдызымыз Жанар Дұғаловаға еліктеп, оның әндерін сүйіп тыңдайды.

Жақында Қытайдың ең беделді ән байқауларының бірінде Уаң Нан Фей қара жорғаға билеп,соңында «Kesh You» тобының «Ризамын» əнін орындап “Шиң гуаң да дау” байқауының апталық жүлдегері атанды.

Уаң Нан Фей осыған дейін де ән байқауларында қазақтың әндерін орындап, бірнеше рет жүлдегер атанған.

Новости Казахстана


Дек
12

Комментарии закрыты.