Меню
Категории
kelinin-d29borlad293an-ene-zhauapd29ba-tartyldy
Келінін қорлаған ене жауапқа тартылды
10.02.2024 Новости Казахстна

Оңтүстік Қазақстан облысында келінін қорлаған ене әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту алды.

Бұл туралы Bnews.kz хабарлайды.

Отырар аудандық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпараттарға сүйенсек, құқық бұзушы аудан тұрғыны Қылмыстық кодекстің 79-5-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сотта айыпталушының келінін қорлағаны толық дәлелденген. Бұл айыпты енесі де мойындапты. Судья құқық бұзушының егде жасын, бұрын-соңды құқықбұзушылық жасамағанын ескеріп, оған ескерту жасаумен шектелді.

Баспасөз қызметі бүгінде сот үкімі күшіне енгенін хабарлады.

Новости Казахстана

Комментарии закрыты
*