Меню
Категории
Путин мен Олландтың кездесуі Назарбаевтың дипломатиялық жеңісіне баланды
23.04.2022 Новости Казахстна

Владимир Путин мен Франсуа Олландтың Внуково әуежайындағы жоспарланбаған кездесуі Украина бойынша Батыс және Ресей диалогының бастамасы болуы ықтимал.

«Франция президентінің Қазақстаннан қайтар жолда Мәскеуге жол-жөнекей соға кетуіне кеңес берген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, осылайша, Батыс пен Ресейдің тілдесуіне себепкер болды», — деп жазады француздың Le Figaro басылымы.

Франция президенті Путинмен кездесуге неге келісті және Нұрсұлтан Назарбаев Олландты бұған қалай көндірді? 

Путинмен кездескен Франсуа Олланд елге қайта салысымен Ангела Меркельге Украина мәселесі бойынша келіссөздер «алға басқанын» мәлімдеді. Елисей сарайы тіпті тиесілі хаттама шығарып та үлгерген.

Ал еуропалық мемлекеттер лидерлері қол жеткізілген жетістікті нығайту керек деген пікірлерін білдірген. Жуырда Брисбенде өткен саммиттен кейін және Мистральдарға қатысты кикілжіңнен соң, Олланд пен Путиннің кездесуі екіталай болатын.

Алайда, Франция лидерін жол-жөнекей Мәскеуге барып қайтуға көндірген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ықпалымен, кездесу мүмкін болды. Француздық Ле Фигаро басылымы, Франсуа Олландтың Қазақстанға сапары Путинмен кездесуге себепкер болды деп жазған.

Көршілес әріптесін жақсы танитын Қазақстан басшысы Олланд пен Путиннің кездесуін де ұйымдастыруға көмектесті.

LE FIGARO

Әлденеден қауіптеніп отырғандай сыңай танытпас үшін франциялық президент Олланд диалог барысында Назарбаевтың айтқандарымен келісіп отырды. Көршілес әріптесін жақсы танитын Қазақстан басшысы Олланд пен Путиннің кездесуін де ұйымдастыруға көмектесті. Кейбіреулер үшін Франция мен Ресей президенттерінің кездесуі маңызсыз болып көрінуі ықтимал. Көпшілік қос президенттің әуежайдағы бірнеше минуттық тілдесуі, украиналық мәселеде өзгеріс кезеңі басталғанын аңғартпайды деген.

Ал британдық The Daily Star басылымы, Олланд пен Путиннің кездесуінен бұрын Ресей мен Қазақстан басшыларының телефон арқылы не туралы сөйлескендігі қызығырақ, дейді.

THE DAILY STAR

Жұма күні Кремль Путин мен Назарбаевтың телефон арқылы тілдескенін мәлімдеді. Әңгіме барысында президенттер халықаралық және аймақтық мәселелерді талқылаған. Сондай-ақ, Путин мен Назарбаев желтоқсан айының аяғына жоспарланған Мәскеу қаласында өткізілуі мүмкін Еуразиялық экономикалық одақ жетекшілерінің кездесуі турасында да сөз қозғады.

Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаевтың телефон арқылы тілдесуі туралы ресейлік лента.ру да жазды.

LENTA.RU

Олландтың Қазақстандағы іссапары аяқталысымен, Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы ұзақ сөйлесті. Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, қос президент Украинадағы жағдайға байланысты пікір алмасып, қалыптасқан мәселені шешу турасында әңгімелескен.

Украинадағы жағдай бәрімізді алаңдатады. Қақтығыстар орын алғаны орынсыз. Қырғи-қабақ соғыс пен майдандасуға жол бермеуіміз керек.

Ал Рейтерс агенттігі айтулы кездесуден кейінгі жағдайды сараптай келе, Нұрсұлтан Назарбаевтың екі жақты санкцияларға шектеу қойып, мәмілеге келу туралы ұсынысы тығырықтан шығудың жалғыз жолы екендігін жазған.

"Украинадағы жағдай бәрімізді алаңдатады. Қақтығыстар орын алғаны орынсыз. Алайда біз ахуалды қолға алып, мәселені шешу жолдарын іздеп жатырмыз. Қырғи-қабақ соғыс пен майдандасуға жол бермеуіміз керек деп есептеймін", — дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сарапшылар Франция президентінің елдегі беделі түсіп бара жатқандығын көп айтқан-ды. Алайда енді Франсуа Олландтың Батыс пен Ресейді жақындастырудағы қадамы, Украина мәселесін ілгерілетуі, оның саясаттағы рөлін үстемдете түсетіні анық.

Бұл — медальдің бір жағы. Ал екінші жағынан, әлем 2015 жылы геосаяси алаңда айқын да анық саясатын үйлестірген «жаңа ойыншы» пайда болуын күтуде. Әңгіме Еуразиялық экономикалық одақ турасында.

Новости Казахстана

Комментарии закрыты
*