Меню
Категории
d29bazad29bstan-franciyamen-birlesip-d293aryshtyd29b-zherserikter-shyd293arady
Қазақстан Франциямен бірлесіп ғарыштық жерсеріктер шығарады
10.10.2022 Новости Казахстна

Қазақстандық және француз компаниялары болашақта ғарыштық жерсеріктер шығаратын болады деп мәлімдеді Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Сағадиев.

"Бүгінде біз француздық әріптестерімізбен бірлесіп тікұшақтар, электровоздар мен радиоэлектроника құрастырамыз, титан төсеніштер, азық-түлік, жоғары сапалы цемент шығарамыз, түрлі технологияларды бірге зерттейміз. Жуық арада ғарыштық жерсеріктер мен атомдық реакторларға арналған жанармай, күн батареяларын және басқа да көптеген өнімдер шығаратын боламыз", — деді ол Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Франция бизнес-форумында.

Сағадиевтің мәліметінше, соңғы жылдары Франция Қазақстанның саудадағы әріптестерінің алдыңғы қатарына шығып, бесінші орынға тұрақтады.

Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 5 млрд долларға жеткен.

Новости Казахстана

Комментарии закрыты
*