Меню
Категории
Головкиннің командасында жаттығатын Руслан Мәдиев қарсыласын есінен тандырды
23.10.2022 Новости Казахстна

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, GGG командасының мүшесі Руслан Мәдиев кезекті рейтингтік жекпе-жегінде өз қарсыласы — американдық Карлос Санчесті нокаутқа түсірді.

 

Бұл туралы GGG-дің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарланды.

Жекпе-жек Калифорнияда кубалық Майкл Перес пен американдық Дарнелл Уилсонның алдындағы жекпе-жекке орайластырылған бокс кешінің аясында өтті.

Руслан бірінші раундта-ақ қарсыласын есінен тандырды. Жас әрі болашағынан үміт күттіретін қазақстандық спортшы үшін бұл айқас кәсіби бокстағы үшінші кездесуі.

Естеріңізге сала кетейік, Руслан Абель Санчестің қарамағында ақпанның 21-і күні Монакода Мартин Мюррейге қарсы жекпе-жегін өткізетін Геннадий Головкинмен бірге жаттығып жүр.

Новости Казахстана

Комментарии закрыты
*