Меню
Категории
pavlodar-oblysynda-balkonnan-sekirmek-bold293an-d399jel-d29bd2b1td29baryldy
Павлодар облысында балконнан секірмек болған әйел құтқарылды
10.03.2023 Новости Казахстна

Кеншілер қаласында таңертеңгі уақытта төртінші қабаттан әйел адамның секіріп кеткелі тұрғаны туралы дабыл түсті деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
 

Бұл туралы Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасы хабарлайыды.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жарық дүниемен қош айтқысы келетін әйелмен сөйлесіп, оны пәтердің кіреберіс есігіне келуге көндірді.

"Жоғарғы қабатқа көтерілген ТЖД қызметкерлері арнайы құралмен есікті ашып, жедел жәрдем шақырды. Алайда ақ халаттылар келгенге дейін ас үйге жүгіріп барған әйел пышақпен өзін жарақаттауға тырысты, — дейді Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасы жедел құтқару отряды кинологиялық отрядының жетекшісі Г. Куценко.

Абырой болғанда, құтқарушылар азаматшаның қолындағы пышақты жұлып алып, медицина қызметкерлеріне тапсырды.

Новости Казахстана

Комментарии закрыты
*