Меню
Категории
majk-tajson-madonnamen-birigip-d399n-zhazdyrdy
Майк Тайсон Мадоннамен бірігіп ән жаздырды
30.03.2024 Новости Казахстна

Бокстан абсолютты әлем чемпионы Майк Тайсон Мадоннамен ән жазды. Бұл туралы әншінің Facebook-тегі ресми парақшасынан хабарланды.

АҚШ боксшы, Мадонна және Chance the Rapper лақап атымен өнер көрсететін рэпер Чанселор Беннеттпен бірге Iconic композициясын жазуға қатысты.

Ән Rebel Heart альбомына енеді, оның толық нұсқасына 2015 жылдың 10 наурызында ғана қол жеткізуге болады. Өткен жылдың желтоқсанында белгісіз біреулер жаңа пластинкаға енгізілетін әндердің көп бөлігін ғаламторға жариялап жіберген.

Майк Тайсон бокс тарихындағы атақты спортшылардың бірі. Ол Гиннестің рекордтар кітабына енді. Спорттағы мансабын 2005 жылы аяқтаған.

Новости Казахстана

Комментарии закрыты
*