Меню
Категории
d29bytajda-pandalar-obadan-d3a9lip-zhatyr
Қытайда пандалар обадан өліп жатыр
22.11.2022 Новости Казахстна

Қытайдың Шаньси провинциясындағы жануарлар бағында екі панда оба дертіне шалдығып өлді. Тағы екі жануар дәл осындай диагнозбен ветеринарлардың бақылауына алынған.

Пандалар питомнигінде барлығы 25 жануар болған. Олардың 18-і қауіпсіз жерге шығарылды. Ең алғашқы рет обаның жұғуы 9 желтоқсан күні тіркелген.

Араға үш күн салып ауру панда өліп қалды. Ал, кеше 5 қаңтарда Дабао есімді тағы бір панда мертікті.

Жергілікті мамандардың айтуынша, 90-шы жылдардан бері бұл оба дертінің алғашқы рет өршуі. Инфекция жануарларға ас-су арқылы жұғады. Ал, адамға оның қаупі жоқ.

Новости Казахстана

Комментарии закрыты
*