Меню
Категории
d29basym-zhomart-tod29baev-parizhdegi-teraktini-synd293a-aldy
Қасым-Жомарт Тоқаев Париждегі терактіні сынға алды
02.09.2023 Новости Казахстна

Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев 12 адамның қазасына әкеліп соқтырған Франция астанасында орын алған терактіні сынға алды. Қасым-Жомарт Тоқаев

Сәрсенбі күні таңертең үш содыр Париждің 11-інші округінде орналасқан сатиралық журналының Чарли Hebdo редакциясының ғимаратына басып кіріп, онда болған адамдарға оқ жаудырды.

Шабуылшылар автокөлікпен оқиға орнынан қашып құтылған. Шабуыл кезінде 12 адам ажал құшты.

"Парижде террористік шабуыл, журналистер қаза болды. Қылмысқа ақтау жоқ. Терроризмге қарсы күрес — бүкіл халықаралық қоғамдастықтың міндеті", — деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.

Новости Казахстана

Комментарии закрыты
*