Астана халықаралық әуежайында көлік полициясының қызметкерлері ұшақта темекі шеккен 23-жастағы өзбекстандық азаматты "Шереметьево-Астана" рейсінен алып тастады. Бұл туралы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.
Екінші қаңтар күні таңғы сағат 6 шамасында Астана әуежайындағы желілік полиция бөлімінің көші-қон полициясының қызметкерінен "Шереметьево-Астана" қатынасындағы әуе кемесінің бортында құқық бұзушы бар деген хабар келіп түскен.
Ведомствоның мәліметінше, тексеру барысында ұшақтың дәретханасында темекі шеккен Өзбекстан тұрғыны анықталды. Бортсеріктің актісі бойынша ол рейстен алынды.
Новости Казахстана