Меню
Категории
britaniyada-kd2afnine-16-litr-kola-ishetin-d399jel-d3a9mir-sd2afredi
Британияда күніне 16 литр кола ішетін әйел өмір сүреді
24.06.2022 Новости Казахстна

Ұлыбританияның 42 жастағы тұрғыны Жакки Баллан кішкентай кезінен бастап Diet Coke газдалған сусынын құмарта ішеді. Рекордсменнің осы уақытқа дейін  тәулігіне 16 литр сусын тұтынғаны белгілі болды.

Бүгінде Баллан күніне 8 литр сусын ғана ішеді.  Егер ол күнделікті Diet Coke сусынын ішіп тұрмаса, басы қатты аурып, өзін жайсыз сезіне бастайды екен.

Жаккидің айтуынша, ол әр 40 минут сайын кока-кола ішіп тұруы тиіс. Тіпті ол мұны тастауға бел байлаған, алайда бұл оның еркінде болмай шықты.

Жакки бұл сусынға жыл сайын 4500 АҚШ долларын жұмсайды.

Новости Казахстана

Комментарии закрыты
*