Меню
Категории
d29bazad29bstanda-keden-odad293ynan-tys-elderge-md2b1naj-d3a9nimderin-tasymaldaud293a-tyjym-salyndy
Қазақстанда Кеден Одағынан тыс елдерге мұнай өнімдерін тасымалдауға тыйым салынды
24.03.2024 Новости Казахстна

Қазақстанда 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кеден Одағынан тыс мемлекеттерге мұнай өнімдерін тасымалдауға 6 айға тыйым салынбақ.

Ұлттық экономика министрлігі және  Қаржы министрлігімен келісілген Энергетика министрінің бұйрығымен Кеден Одағының кеден шекарасынан тыс жерлерге тұрмыстық пеш отынынан басқа жеңіл дистиляттар мен тауарларды, орташа дистилляттар, керосиндi, газойлдарды, дизель отынын  және басқа мұнай өнімдерін  әкетуге алты ай мерзiмге дейін тыйым салынады.

Қазақстанның  ішкі нарығында мұнай өнімдерінің тапшылығына және бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында еліміздің «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 18 тармағына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшарттың 7 қосымшасының 10 тарауына сәйкес 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап бұйрық өз күшіне енеді.

Новости Казахстана

Комментарии закрыты
*