Меню
Категории
nazarbaev-bad293darymyz-belgili-tad2a3dauymyz-ajd29byn-mad29bsatymyz-biik
Назарбаев: Бағдарымыз — белгілі, таңдауымыз — айқын, мақсатымыз — биік
25.05.2023 Новости Казахстна

2015 жылға санаулы минуттар қалғанда елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Құрметті қазақстандықтар! Санаулы минуттардан кейін біз жаңа жылды қарсы аламыз! Жаңа жыл – баршаға жан шуағын сыйлайтын жайдары мереке. Жыл сайын біз оны үкілі үмітпен, игі тілекпен қарсы алып, толайым табыспен шығарып саламыз.

Әлемдік экономикадағы бүгінгі қиындыққа қарамастан биыл да әл-ауқатымыз арта түсті. Өтіп бара жатқан жыл дамудың келесі кезеңіне бастайтын оқиғалармен айшықталды.

Біз алдағы жылы күш-қуатымызды еселейтін ауқымды нарықтың есігін ашамыз. Бағдарымыз – белгілі, таңдауымыз – айқын, мақсатымыз – биік. Баршаға шұғыла шашатын «Нұрлы жол» бүкіл еліміздің күретамырына айналды.

Қымбатты отандастар! Келер жыл – терең тарихымызға, құқықтық негізімізге, берекелі бірлігімізге құрмет көрсететін жыл. Ынтымағы жарасқан халқымыз осы айтулы оқиғаларды лайықты атап өтеді деп сенемін.

Қазақ халқы қой түлігін ежелден құт-берекенің басы деп білген. Ендеше, алдағы Қой жылы молшылық пен ырысын ала келсін! Еліміздегі әр шаңырақтың дәулеті мен сәулеті артып, татулығымыз нығая берсін!

Новости Казахстана

Комментарии закрыты
*