31 желтоқсанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен жауын-шашынды болып, қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасындатып, жел күшейеді.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана күн ашық болады, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола, Павлодар облыстарында кей жерлерде бұрқасын көтеріліп, желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 17-22 м/с-қа жетеді, түнде кей жерлерде тұман түседі. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсуі, желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын көтеріледі, күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.
Ақтөбе облысында — кей жерлерде бұрқасындатады, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанай облысында кей жерлерде бұрқасын көтеріліп, жел түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с-қа жетеді. Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі.
Таяудағы тәуліктерде Сырдария өзенінде, республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында мұз қатуы әлсірейді, су деңгейі көтеріледі.
Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде мұз қатуына байланысты су деңгейі құбылады. Қазақстанның батысындағы, солтүстігіндегі және орталық облыстарындағы су нысандарында қысқы режим сақталады.
Новости Казахстана